Қызылорда облысының әкімі жамағатты қасиетті Қадір түнімен құттықтады
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Барша мұсылмандар үшін қасиетті болып саналатын Қадір түні бүгінгі түнге (шілденің 1-інен 2-сіне қараған түн) тура келді. Осы түнде күллі мұсылман қауымы Алладан игі тілектер тілеп, дұға етеді.