АУА РАЙЫ: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, бұршақ жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай болады, жекелеген аудандарында бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерлерде жел күшейеді. Тек республикамыздың батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.