АУА РАЙЫ: Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауып, бұршақ түседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жекелеген аудандарында бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерлерде жел күшеюі сақталады. Тек Республикамыздың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.