«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы балалар суреттері конкурсының қорытындысын шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Қазақстан бала көзімен» тақырыбында Астана күніне арналған балалар суреттері конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Конкурс «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы қызметкерлерінің балалары арасында өткізілді. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мен ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев конкурстың жеңімпаздарына марапат қағаздары мен сыйлықтарды ұсынды.