А.Меңлібаеваның туындылары Венеция биенналесінің үздік алтылығына енді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Есімі елімізге танымал суретші Алмагүл Меңлібаеваның өнер туындылары Венеция биенналесінің үздік көркемсурет жобаларының алтылығына енді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының басшысы Әнуар Нұрпейісов айтты.