Эксклюзив: Қазақ ұлттық хореография академиясы қыркүйекте алғашқы сабағын бастайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың сол жағалауында салынып жатқан бірегей оқу орындарының бірі -Қазақ ұлттық хореография академиясы. Үш корпусы және бір театры бар оқу орны 2016 жылдың қыркүйегінде алғашқы сабағын өткізеді екен. «ҚазАқпарат» тілшісі оқу орнына барып, хореография академиясы директорының уақытша міндетін атқарушы Гауһар Алдамбергеновамен сұхбаттасқан еді.