Алматылық балерина Қазақстан тарихында тұңғыш рет айтулы Халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының 24 жастағы солисі, Нью-Йорк қаласындағы (АҚШ) Халықаралық балет артистері байқауының лауераты Әсел Асқарова Ыстамбұл қаласында (Түркия) өткен 5-ші Халықаралық балет артистері байқауында бірінші орынды жеңіп алып, алтын медальге ие болды. Түркиядан кеше ғана ұшып келген Асел Асқарова мен оның сахнадағы әріптесі әрі өмірлік жолдасы Азамат Асқаров бүгін Алматыда баспасөз мәслихатын өткізді. Оған жас артістердің педагогы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Рахмедова да қатысты.