ПІКІР: Түркияда тұрақсыздық орнай бастады, қоғам әр түрлі күштер мен ағымдарға бөлініп жатыр - А. Князев
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Түркияда бүлікшілерге қатысты жазалау шаралары қоғамды тек қысқа мерзімге ғана тыныштандыра алады. Елде тұрақсыздық жағдай орын ала бастады. Мұнда азаматтық соғыстың ұшқындары бар. Бұл туралы саясаткер Александр Князев мәлімдеді.