Балет артистерінің көбі күнкөріс үшін қосымша жұмыс істейді - Сәуле Рахмедова
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгінде опера және балет театры - балет артистері үшін екінші жұмысқа айналды. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында белгілі балерина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының педагогы Сәуле Рахмедова мәлім етті.