Түлектерге еліміздің 350 ең ірі ұлттық компаниялары мен мемлекеттік органдарында тағылымдамадан өту мүмкіндігі беріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат -20 шілдеде «Сәтті қадам - тағылымдама» партиялық жобасының жаңа кезеңі бастау алады. Бұл туралы бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының Төрағасы Шахмардан Байманов мәлім етті.