Ашық мәліметтер базасының арқасында халық мемлекеттік органдарда бар шынайы ақпаратқа қол жеткізеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақында Қазақстанда Үкіметтің ашықтығын қамтамасыз ететін data.egov.kz Ашық мәліметтер порталы жұмысын бастады. Осыған байланысты, азаматтарға порталдың негізгі міндеттері жайында аталмыш жобаның операторы - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ тұтынушыларға қызмет көрсету бойынша басқарушы директоры Жанат Мырзабековке бірқатар сауалдар қойған болатынбыз.