ШҚО құтқарушылары Ертіске құлаған ер адамды құтқарды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өңір құтқарушылары суда орналасқан «Арабелла» дәмханасына өтемін деп Ертіс өзеніне құлап кеткен 30-жастағы ер адамды құтқарып қалды. Суға құлаған адам туралы хабарлама ТЖД кезекшілерінен түскен.