АУА РАЙЫ: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай болып, жел күшейеді, кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Тек батыста және солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.