Саяхатшы Аткинсонның ұрпақтары Жетісу жерінде (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов британдық саяхатшы Томас Аткинсонның ұрпақтарымен кездесті. Делегация құрамында «Оңтүстікке Ұлы дала еліне. Томас пен Люси Аткинсондардың Шығыс Қазақстанға 1847-1852 жылдардағы саяхаты» атты кітаптың авторы, жазушы Ник Филдинг те бар, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.