Атырау облысында ірі қара малға келген індет - Африка құрлығына тән
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысында нодулярлы дерматиттен өлген ірі-қара малдың саны 294-ке жетті. Қазақстан үшін таңсық ауру Ресей аумағынан келген. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Олжас Аусабаев мәлім етті.