Біржан Жақыпов бірінші жекпе-жегінде намибиялық боксшымен айқасатын болады
РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында 49 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Біржан Жақыпов алғашқы кездесуін намибиялық Маттиас Хамуньелаға қарсы өткізеді.