Қазақстанның батысы мен шығысында сейсенбі күні найзағай ойнап, жауынды болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның батысында және шығысында атмосфералық ағындардың өтуімен сейсенбі күні найзағай ойнап, жаңбырлы ауа райы сақталады, республиканың қалған аумақтарынлда күн райы ашық болады. Солтүстікте кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі. Шығыста күндіз бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.