Оралда қаржы жымқырған балабақша директорына 4 млн.-ға жуық теңге айыппұл салынды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық соты балабақша директоры А.Нұрулинаны ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлігі «1, 2» тармақтарына сәйкес (мемлекеттік қызметті атқаруға өкілетті тұлғаның сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін әлденеше рет ірі көлемде иемденуі немесе ысырап етуі) айыпты деп таныды.