Байқоңыр қаласында медициналық орталық ашылды (ФОТО)
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Байқоңыр қаласында облыстық медициналық орталықтың филиалы ашылды. Аталмыш орталықта жұлдызды қалашықта тұратын Қазақстан азаматтары мен Қармақшы, Қазалы және Арал аудандарының тұрғындары медициналық көмек ала алады. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.