Рио-2016: Дариға Шәкімова бокстан қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері атанды
РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін жартылай финалда 75 келі салмақта жұдырықтасқан боксшы аруымыз Дариға Шәкімова америкалық Кларесса Шилдстан ұтылып, қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.