Қазақстанның ауыр атлеттері Рио Олимпиадасында ел намысын абыроймен қорғады - Энвер Түркелери
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бұл күндері Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан XXXI жазғы Олимпиада ойындары да аяқталуға таяп келеді. Оның жабылу рәсімі уақыт айырмашылығына байланысты 22 тамызға қараған түні таңғы сағат 05:00-де басталады. Қазіргі таңда осы Рио Олимпиадасында өнер көрсеткен отандық спортшыларымыз лек-легімен елге қайтуда. Кеше, 20 тамызда ауыр атлетикадан Қазақстанның ұлттық құрамасының өкілдері Алматыға оралды.