Тараз полициясының автопаркі жаңа 30 көлікпен толықты
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында жұмыс сапарымен жүрген ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Тараздағы жергілікті полиция қызметі базасында болған кезінде өңірдегі қоғамдық тәртіпті, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау және жергілікті полиция қызметінің техникалық жарақтандырылуы жайын сұрастырды.