ҚР Қорғаныс министрі Армия халықаралық ойындары - 2016 байқауларының жеңімпаз әскерилерін құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, Астанадағы ҚР ҚК Әскери-патриоттық орталығында ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Ресей мен Қазақстанда өткен Армия халықаралық ойындары - 2016 байқауларының жеңімпаз әскери қызметшілерін құттықтады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.