Назым Қызайбай енді олимпиадалық салмақ дәрежесінде өнер көрсете алады - В. Присяжнюк
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі дүркін Әлем чемпионы Назым Қызайбай енді олимпиадалық салмақ - 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсете алады. Біз оған жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз. Өйткені, Назым - өте дарынды боксшы.