Алдағы демалыс күндері Қызылорда облысының тауар өндірушілері елорда тұрғындарына өз өнімдерін ұсынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан өңірлері тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылық өнімдерінің апта сайынғы жәрмеңкелері басталады. Алдағы демалыста (3-4 қыркүйекте) Жәрмеңке Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайының тұрағында өтеді. Бұл туралы елорда әкімінің ресми сайты хабарлады.