Еуропалық кеңестің президенті Ислам Каримовтың қазасына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдамақ
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасының президенті Ислам Каримовтың қайтыс болуына байланысты Еуропалық кеңестің президенті Дональд Туск көңіл айту жеделхатын жолдамақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігінің Брюссельдегі тілшісі Еурокеңестегі ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.