Өскеменде «Үлкен жолдың кезеңдері» жылжымалы көрмесі жұмысын бастады
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Қорық-мұражай қызметкерлері дайындаған ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған экспозицияны бірінші болып Өскеменде өтіп жатқан ІІ халықаралық «Ақ Ертіс» классикалық өнер фестивалінің қатысушылары көрді. Тамаша безендірілген 40-тан аса фотопланшеттер облыстық драма театрының фойесінде музыканттар мен көрермендерді қарсылады. Көрменің сюжеттік желісі «тарих және археология», «мәдениет», «денсаулық сақтау», «өнеркәсіп», «спорт», «табиғат» атты бірнеше тақырыптық блоктардан тұрады.