Қостанайда жаңа мешіт ашылды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін, басты мұсылман мерекесі Құрбан айттың алғашқы күні Қостанайда жаңа мешіт ашылды. Оған Қостанай мен Торғай жеріне ислам құндылықтарын таратуда өлшеусіз еңбек сіңірген, белгілі уағызшы Аймағанбет қажы Спанұлының есімі берілді.