Бейсенбіде еліміздің кей жерлерінде түнде суытып, тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 қыркүйекте Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағаймен жаңбыр, екпінді жел сақталады. Тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.