Аргентинада алып метеорит табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері Аргентинада жер бетіндегі үлкен метеориттің бірі табылды. Ғарыштан келген алып Буэнос-Айрестің солтүстік батысына қарай 1 078 шақырым жерден қазып алынды. Ганседо метеориті Жерге 4 мың жыл бұрын келіп түскен деген болжам жасалды. Бұл туралы Science Alert жазады.