ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ: АҚШ президенттігіне үміткер Хилларидің денсаулығы сыр берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада АҚШ президенттігіне үміткер Хиллари Клинтонның денсаулығы нашарлап, әлемдік деңгейдегі саяси күн тәртіптің ең басты тақырыбына айналды. Ол 11 қыркүйектегі лаңкестік құрбандарын еске алуға арналған шара барысында естен танды.
Ал кәрі құрлықтағы көптен асыға күтілген оқиғалардың бірі Еурокоммиссия төрағасы Жан-Клод Юнкердің Еуропалық одақтың одан ары дамуына қатысты пікірін жария еткен бағдарламалық сөз сөйлеуі болғаны анық. Айта кетерлігі, Франция да дүрлігіп тұр. Бұл елде еңбек заңнамасы реформаларына қарсы қоғамдық наразылық күшейіп келеді.