АУА РАЙЫ: Бүгін Қазақстанда аспан ашық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі. Тек шығыста, солтүстікте және батыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр сақталады. Солтүстік, солтүстік-батыс және шығыстың кей жерлерінде тұман күтіледі.