Кітап және әдебиет пәнінің мұғалімі
- Он бірінші сыныбыңа мұқият бол, - деді мектепке енді келген бұған ағайы. - Оқулыққа сенбей-ақ қой. Қазір өтпелі кезең. Ендігі жерде кеңестік әдебиетке бұрынғы көзқараспен қарай алмайсың. Ал оқулық бұрынғы ізбен жазылған. Сондықтан, мүмкіндігі келгенше, балаларға өзің дәріс оқы.