Қытай тұзға мемлекеттік монополияны жоймақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай үкіметі 2 мың жылдан бері жалғасып келе жатқан тұзға деген бағаны реттеу жөніндегі мемлекеттік монополияны жояды. Реформаларды дамыту жөніндегі мемлекеттік комитет жария еткен мәліметтерге қарағанда, заң күшіне 2017 жылдың 1-қаңтарында енеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.