М. Әбенов азаматтары жұмысты шертіп жүріп таңдайтын аймақтарды атады
Он жылдан кейін Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында халықтың саны азаяды. Солардың ішінде еңбекке жарамды азаматтар 10-17 пайызға дейін төмендейді. Осыған байланысты «Серпін -2015» бағдарламасын жан-жақты дамытып, адам саны көп облыстарда тұратын жастарды аталған аймақтарға көптеп көшіру керек.