Гүлшара Әбдіқалықова елордадағы жастар театрының қойылымын тамашалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова елордадағы «Жастар» театрының «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» атты сахналық повесінің қойылымына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.