Батысқазақстандықтар өмірден ерте кеткен суретші Мұратбек Жоламановты еске алды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында өмірден ерте кеткен дарынды суретші Мұратбек Жоламановты (1966-2000) еске алуға арналған «Құлагер тағдыр» атты кеш пен жеке көрме ұйымдастырылды.