Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жастар» сарайында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесіне 43 ұйым қатысты. Жұмыссыз жүрген мүмкіндігі шектеулі жандарға мейірбике, санитар, механик, байланыс жөніндегі маман және т.б. мамандықтар бойынша бос орындар ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат, елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.