ОҚО-да 846 млрд теңгенің 119 индустриалдық жобасы іске асырылуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында құны 846 млрд теңге болатын 119 индустриалдық жоба іске асырылуда. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков мәлім етті.