ОҚО-ның кілем шығару фабрикасы Женевада үздік сапаның алтын жұлдызын иеленді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында шығатын отандық өнім - «Бал Текстиль» кілемдері Швейцарияның Женева қаласында өткен халықаралық конвенцияда үздік сапа аталымы бойынша «Алтын Жұлдыз» (ISAQ жүлдесі) иеленді.