Астанада 30 мемлекеттің баспашылары бас қосады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9-12 қараша аралығында өтетін «Eurasian Book Fair - 2016» Еуразия халықаралық көрме-жәрмеңкесі ТМД, Еуропа және Азияның 30-дан астам мемлекеті өкілдерінің басын қосады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде шараны ұйымдастырушы комитеттің отырысында Астана тарихындағы ең ірі кітап көрмесіне дайындық барысы талқыланды.