Маңғыстауда азық-түліктен стафилококк табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық сараптама орталығының Маңғыстау облысындағы филиалы мамандары жергілікті тұрғындардың шағымы бойынша азық-түліктің 13 түріне сараптама жасады. Зертханалық талдау кезінде оның 9-ынан стафилококк, нитраттар табылды және олардың кейбірінің көгергені анықталды.