Қазақстан лаңкестермен күресте әрқашан бізбен бірге болатынына сенеміз - Түркия СІМ М.Чавушоғлы.
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда өткен Қазақстан-Түркия Сыртқы істер министрлерінің жетекшілігіндегі стратегиялық жоспарлау жөніндегі бірлескен топ отырысынан кейінгі брифингте Түркия Сыртқы істер министрі Мевлюд Чавушоғлы Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған әскерилер оқиғасынан кейін Қазақстан бірінші болып қолдау танытқанын тілге тиек етіп, Н.Назарбаевқа алғысын білдірді, деп хабарлады ҚазАқпарат.