Елордада «Жол үстіндегі қабылдау» республикалық акциясы өтті
Астана қаласының ІІД және «Нұр Отан» партиясының бастамасымен елордада «Жол үстіндегі қабылдау» жыл сайынғы республикалық акциясы басталды. Акция халыққа құқықтық білім беріп, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы көпшілікті ақпараттандыруға бағытталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат astana.gov.kz сайтына сілтеме жасап.