Колледж студенттері үшін оқу да, тамақ та, шәкіртақы да тегін болады - БҒМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның айтуынша, бүгінде тегін кәсіптік-техникалық білім берудің жаңа механизмі әзірленді. Соның аясында жастарды жұмысшы мамандықтармен барынша қамтып, әрбір студентке шәкіртақы, тіпті тегін тамақ беру жүйесін енгізу көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.