Малдәрігерлік қауіпсіздікті сақтаудың маңызы зор - Тұрсын Қабдолданов
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Елімізде мал дәрігерлік қауіпсіздікті сақтау, малдың арасында аса қауіпті індеттердің таралуына жол бермеудің маңызы зор. Бұл туралы бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау мен қадағалау комитеті ұйымдастырған семинарда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.