Тәжікстан президенті Эмомоли Рахмон Ұлт көшбасшысы мәртебесіне ие болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстан парламентінің төменгі палатасының депутаттары Эмомоли Рахмоновқа тәуелсіз Тәжікстанның негізін қалаушы мәртебесін беруге бірауыздан дауыс берді. Халық қалаулылары өткен жылдың желтоқсанында қабылданған «Ұлт көшбасшысы - мемлекет пен ұлттық бірліктің негізін қалаушы туралы» заңына конституциялық мәртебе берілуін бірауыздан қолдады.
Бұл туралы ҚазАқпарат Азия плюс порталына сілтеме жасап хабарлайды.