ОҚО әкімі израильдік инвесторлармен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев израильдік «YR-Mitrelli Group» компаниясының өкілдерін қабылдады. Аталған компанияның президенті - негізін қалаушы Хаим Тайбпен болған әңгімеде тараптар қос мемлекет - Қазақстан мен Израильдің түрлі салаларда ынтымақтастық орнатып келе жатқанын, сондай-ақ, бұл игі жұмыстарды Оңтүстікте де одан әрі дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.