Энергетиканы дамытпай, экономика өсімі болмайды - Оразалинов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Күн суыған кезден бастап еліміздің жылу энергетикалық нарығындағы ахуал халық пен сарапшылық қоғамдастық арасында қызу талқыға ұласады. Осы орайда туындайтын мәселелер жетіп артылады, себебі Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейiнгi тұжырымдамасында атап өтілгендей, елімізде электр стансалары жабдықтары тозуының деңгейі 70 пайызға жуықтаған. Жылу электр стансаларында жабдықтарының орташа алғанда жұмыс істеп тұрған мерзімі 28,8 жыл, ал су электр стансасында жабдықтар 35,7 жыл бұрын іске қосылған. Атап айтқанда, 10 қарашада Астанада Қазақстанның отын-энергетикалық кешені жүйесін жаңғырту мәселелеріне арналған республикалық үлкен кеңес өткізілмек. Осы жиын қарсаңында агенттік тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының төрағасы Шаймерден Оразалинов саладағы мақсат-міндеттерге қатысты егжей-тегжейлі айтып берді.