Қытай кедейлерді басқа жерлерге қоныстандыруға 140 млрд доллар жұмсайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай, елдің халқы аз аудандарынан кедей тұрғындарды басқа жерлерге қонысын аударуға 2020 жылға дейін 946,3 млрд юань (140 млрд доллар) инвестициялайды. Би-Би-Си агенттігі ҚХР Ұлттық даму мен реформалар жөніндегі комиссиясына сілтемсе жасай отырып хабарлайды.